Кешенді тәсіл
PRIMA KORM
«Прима Корм» компаниясы – Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық жануарларына, құстарға, балықтарға және т.б. арналған құрама жем мен минералды қоспаларды жетекші өндірушілердің бірі.
Біз жай ғана жем өндірмейміз. Біздің миссиямыз – клиенттерге өз қызметінде максималды тиімділікке қол жеткізуге көмектесу. Атап атйқанда, сондықтан біз азықтандыру процесіне деген ғылыми және жеке көзқарасты қолдаймыз, жануарлар өздерін жайлы сезінуі және барлық қажетті қоректік заттарды, дәрумендер мен минералдарды алуы үшін, жемнің сапасын тұрақты жақсартамыз. Жануарлар үшін не жақсы болса, клиент үшін де сол жақсы.
Өндірілетін өнім сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін, біз шикізатты тек сенімді жеткізушілерден сатып аламыз. Компанияның шикізат аймағы Қазақстанның экологиялық таза ауданында, қалалар мен кәсіпорындардан алыс орналасқан.

Prima Korm-да өзінің өндірістік-технологиялық зертханасы жұмыс істейді. Бұл өнімнің сапасын барлық кезеңдерде кешенді бағалауға мүмкіндік береді – кіріс шикізатын тексеруден бастап, дайын жемді немесе қоспаны жөнелтуге дайындауға дейін, сондай-ақ тез және дәл жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, біз өз клиенттерімізге тиімділікті арттыру арқылы бизнесті оңтайландыруға көмектесетін кеңес беру қызметтерін ұсынамыз. Ғалымдар мен жоғары деңгейлі мамандар тобы әрқашан пәндік салалардағы білімдерімен бөлісуге және сіздің экономикаңызды дамытуда аса тиімді шешімдер ұсынуға дайын.
Біз сіздің бизнесіңіз үшін сенімді серіктес болуға және табысқа жетуге көмектесуге дайынбыз. Біздің өнімдер мен қызметтер туралы көбірек білу үшін, бізге хабарласыңыз.
